«Қазақстаным – жүрегімде!» атты патриоттық әндер байқауы

2026 жылғы 19 қазанда Республика күніне арналған «Ел тарихы – ұрпаққа аманат» атты онкүндік аясында «Қазақстаным – жүрегімде!» атты патриоттық әндер байқауы өтті. 🇰🇿🎶

Байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, ұлттық рух пен патриоттық құндылықтарды дәріптеу.
Қатысушылар патриоттық әндер арқылы елге деген махаббатын, туған жерге деген құрметін жеткізді. Әрбір ән – Отанға деген ыстық сезімнің, елге деген мақтаныштың көрінісі!

✨ Қазақстаным – мақтанышым,
Қазақстаным – жүрегім! 🇰🇿❤️

#ҚазақстанымЖүрегімде #ПатриоттықӘндер #ПатриоттықБайқау #ОтанымҚазақстан #ТуғанЖер ЕлМақтанышы 19Қазан2026