№90 ГИМНАЗИЯ
Қ. Мұхамедханов атындағы №90 гимназия Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы жылғы 17 тамыздағы №1503/О бұйрығымен «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 90 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысының негізінде құрылған.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 90 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2020 жыл 1 қыркүйекте ашылды.
ГИМНАЗИЯ ӘКІМШІЛІГІ
ЖАҢАЛЫҚТАР
Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда бұрын-соңды болмаған, теңдессіз жаңа үлгідегі мектептер салынуда.
Ұлттық жоба – білім беру жүйесінде тың әрі ауқымды инфрақұрылымдық бастаманы іске асырудың…
Біртұтас бағдарлама аясында Наурыз мерекесінің құрметіне “Күй күмбірі” челленджін жолдаймыз!
Бұл челленджде біз қазақтың ұлы күй өнерін дәріптеп, домбыраның күмбіріне бірігіп қосыламыз! Наурыз…
АҢДАТПА
Рәміздер күніне
🔰🔰🔰 Қайым Мұхамедханов атындағы 90 гимназия жанынан ашылған “Саржайлау” этнолагерінде Рәміздер күніне орай…
“Жолың болсын жас түлек !”
“Саржайлау” этнолагері 1 күн
🌤️🏕️“Саржайлау” этнолагері 1️⃣ күн ☀️”Біз бақытты баламыз!” тақырыбында балалар өз ойларын асфальтта сурет…
ГИМНАЗИЯ ТУРАЛЫ ПІКІР

Тұрсын Жұртбай
Ғалым, профессорМектеп қабырғасына Алаштың асыл тұлғаларын ұлықтап көрсеткен, олардың сөздерін өнеге етіп жазған мектептің бағыты өте дұрыс. Қайым атын иеленген мектептің ұстанған жолы да ұлттық мектеп болуға тиіс. Мен мектептен қазақы сипат көрдім. Ұрпақ тәрбиесінде бізге керегі де осы қазақы тәлім-тәрбие.

Жансерік Сейітбекұлы
Астана халықаралық университеті педагогикалық колледж директорыҚ. Мұхамедханов атындағы №90 гимназиямен жан-жақтылы танысып, толық көзайым болдық. Тәнті болдық. Мұнда кабинеттер заман талабына сай жасақталған. Мектеп жанындағы түрлі үйірмелері толық. Ең бастысы, тек білім ғана емес, оқушыларға ұлттық тәрбие беруді де басты назарда ұстаған. Меніңше, бұл ерекшелігі – өзге мектептерден озық тұсы.

Қазыбек ИСА
Ақын, ҚР Парламенті Мәжілісі депутатыБүгін мен астанамыздағы #90 гимназияға бардым. Сырты ұлттық оюлармен көмкерілген төрт қабатты әсем ғимарат екен. Биыл 9-шы сыныпқа баратын қызым Әминаны осы мектепке бермекші болып шештім. Елордадағы қаптаған мектептердің ішінен неге осы гимназияны таңдадым?.. Өйткені ол гимназияның директоры - белгілі зиялы, білім қайраткері, химик, ақын, ең бастысы Ұлтшыл Аятжан Ахметжанұлы!
ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ
Мукушева Шаризат Маратовна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Ортаева Береке Алматовна
Директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары