Оқушылар ережесі

Техникалық қауіпсіздікті сақтау

  • Мектеп мүлкіне тиянақты қарау,тазалықты және тәртіпті сақтау
  • Мектеп мүлкін бүлдірген жағдайда шығынын өтеу ( өзі немес ата-ана көмегімен)
  • Ұстаздардың берген тапсырмасын орындау
  • Оқушы құрбыларын сыйлау,ұстаздармен басқа да үлкен адамдарды құрметтеуге міндетті.
  • Мектепке оқу құралдардан басқа артық заттар әкелуге тыйым салынады.( ішімдік, темекі және зиянды заттар т.б)
  • Мектепте немесе мектеп маңында темекі тартуға болмайды.
  • Күштеу,бопсалау,қорқытуға тиым салынады.
  • Мұғалімдердің рұқсатынсыз сабақ кезінде мектептен кетуге болмайды.
  • Сабаққа келмей қалған күні оқушы сынып жетекшісіне дәрігерден немесе ата-анасынан анықтама әкелуі тиіс.
  • Сабақты себепсіз қалдырмауы тиіс.

Оқушылардың мектепке келуі мен кетуі:

  1. Оқушы мектепке сабаққа 15 мин қалғанда келуі тиіс.
  2. Мектептің ішіне кіргенде оқушылар аяқ-киімін тазалап,сырт киімін шешеді;
  3. Сабақ кестесіне байланысты тиісті оқу бөлмесіне барады.
  4. Мектепке оқушы ережесіне сай келмеген оқушыларға кезекшілер тез арада өзінің сырт келбетін дұрыстауына ескерту жасайды.
  5. Барлық оқушылар мектепке кешікпей келуі керек.Кешіккен жағдайда кезекші мұғалім немесе мектеп әкімшілігінің рұқсатымен сабаққа жіберіледі.
  6. Мектепке сабаққа қатысы жоқ заттарды алып келуіне тыйым салынады.
  7. Оқушылардың мектептен үйіне кетуі сынып жетекшілерінің қадағалуымен жүргізіледі.
  8. Оқушылардың мектеп ішінде сырт киімін және бас киімін киіп жүруіне рұқсат етілмейді.
  9. Сабақтан соң мектепке қалуға сабақ кестесіне сай үйірмелерге, қосымша сабақтарға қатысатын, мектептің қоғамдық жұмысына қатысушы оқушыларға ғана рұқсат етіледі.
ОҚУШЫНЫҢ САБАҚ КЕЗІНДЕГІ ТӘРТІБІ
  • Қоңырау соғылған соң әрбір оқушы өз орнында болып сабаққа қажетті құралдарын дайындап отыруы тиіс.
  • Сынып кезекшісі сабақта жоқ оқушыны анықтап,оқу бөлмесінің,тақтаның тазалығына жауакершілікпен қарау керек.
  • Оқушы мұғалімнің сыныпта тазалық болған жағдайда және сабаққа қажетті құралдар (бор,тақта,сүртетін шүберек т.б) дайын болғанда ғана сабақ бастайтынын естен шығармауы керек.
  • Әрбір оқушы өзінің сыныптағы,мектеп шеберханасындағы жұмыс столы мен отырған орнының тазалығына,сақталуына жауапты.
  • Сыныпқа мұғалім немесе үлкен кісі кірген мезгілде оқушылар орнынан тұрып сәлемдеседі.
  • Оқушының жұмыс столында артық заттар болмауы тиіс.Оқулығы мен дәптерін мұғалімнің рұқсатымен ашуы керек.
  • Сабақ кезінде оқушы түзу отырып, мұғалімді мұқият тыңдауы керек.Басқа жұмыспен айналысуына тыйым салынады.
  •  Сабақ айту үшін оқушы тақтаға шығады. Сабақты дауыстап түсінікті етіп айтады.
  • Оқушыда сұрақ болған жағдайда қол көтеріп ( шынтағын үстелден көтермей) мұғалімнің рұқсатымен орнынан тұрып сұрайды.
  • Оқушыға мұғалімнің рұқсатынсыз жолдасына сыбырлауға,жауабын дұрыстауға тыйым салынады.
  • Сабақтан шығу қоңырауы мұғалім үшін беріледі. Оқушы сабақтан мұғалімнің рұқсатынан соң шығады.
  • Сабақтан шығарылған оқушы директор орынбасарына немес директорға жіберіледі.
  • Оқушы сағыз, ұялы телефондар мен құлаққап басқа заттарды сабақ кезінде пайдалануға болмайды.
  • Дене тәрбиесі сабағына,спорттық үйірмелерге спорттық киіммен келеді.
  • Сенбіліктерге,қоғамдщық пайдалы еңблекті ескеру сағаттарына мектепті тазалау жұмыстарына жұмыс киімімен келеді.
  1. Оқушылар үзіліс кезінде өз сыныптары орналасқан қабатта болады.
  2. Оқушылар таңғы асты ішкенде өз сыныбында дайындалған орнында және белгіленген уақытта ғана ішеді.
  3. Мектептегі үзіліс кезінде оқушыларға жүгіруге болмайды.Достарымен жәй әңгімелеседі.
  4. Мектеп ережесін бұзған оқушылар кезекші оқушыға немесе кезекші мұғалімге аты-жөнін,сыныбын айтуға міндетті.
  5. Мұғалімдер бөлмесіне оқушылар үлкен кісілермен бірге кіреді.
  6. Оқушы терезені мұғалімнің рұқсатынсыз ашуға болмайды.

1.Әрбір оқушы өз қалауы бойынша үйірмелерге қатыса алады.Сынып жетекшілерімен және үйірме жетекшісімен бірге үйірмеге жазылады.

2.Үйірме мүшелерінің бірінші жиналысында үйірмеге қатысатын оқушылар мен үйірме кестесі,мерзімі таныстырылып,тапсырмалар беріледі.

3.Үйірмеге қатысушылардың тізімі журналға жазылады.

4.Үйірме мүшелері тәртіп бұзған жағдайда үйірмеден шығарылады.

5.Сыныптан тыс іс-шаралар белгіленген уақытта басталады.

6.Оқушылар іс-шараларға   уақытылы қатысуы керек

7.Көпшілік орында,концертте отырғанда оқушылар өзін мәдениетті ұстауы тиіс.

8.Орнынан тұрып жүруге іс-шаралар біткенше көпшілік залынан шығып кетуге болмайды.

 

X