Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 90 гимназиясы

Гимназия Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы жылғы 17 тамыздағы №1503/О бұйрығымен «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 90 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысының негізінде құрылған.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№90 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2020 жыл 1 қыркүйекте ашылды. 2021 жылдың 23 қыркүйегінде ҚР Үкіметінің №699 Қаулысымен №90 гимназияға абайтанушы, шәкәрімтану ғылымының негізін қалаушы, ғалым, қоғам қайраткері, жазушы, ақын, драматург, аудармашы, педагог Қайым Мұхамедхановтың есімі берілді.

Гимназия ғимаратының жобалық қуаты 900 орын.

Ғимараттың жалпы аумағы – 12 485 кв.м.

Оқу кабинеттерінің саны – 48.

Гимназияның миссиясы:

  • жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты дамыған рухани тұлғаны қалыптастыру;
  • «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы аясында тәрбие мен білім берудің басым бағыттарын анықтап, жаһандану дәуірінде ұрпақтың рухани дамуына кепіл болатын ана тілі мен ұлттық менталитеттің маңыздылығына мән беру;
  • ұрпақ тәрбиесінде ұлттық-мәдени құндылықтар бастауынан ажырамай, әлемдік тілдерді және әлемдік озық білім мен жаңа технологияларды меңгеру;
  • қазақ халқының діл ерекшелігі болып табылатын туған жерін, халқын сүю және құрметтеу, отбасылық құндылықтарды қастерлеу, үлкенді сыйлау, кеңпейілділік, бауырмалдық, ашықтық, толераттылық қасиеттерді дамыту.

 Гимназия ұстанатын құндылықтар:

  • біз үшін әрбір тұлға өзінің барлық болмысымен құнды;
  • «Адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген нәрселермен озды»;
  • «Адал ұрпақ» қалыптастыру – әділдік, парасаттылық, адамгершілік құндылықтарын оқушы бойына сіңіру;
  • оқушылардың білім алуға ынтасын, қызығушылығын жоғары қою.

Гимназия бағыты:

  • гимназияда оқу-тәрбие үрдісі қазақ тілінде жүргізіледі;
  • ұлттың көркем тілін және бай тарихын терең меңгерту мақсатында гимназияда қазақ әдебиеті және қазақстан тарих пәндері тереңдетіліп оқытылады;
  • гимназиядағы оқу-тәрбие жұмысының барлығы оқушылардың физикалық, интеллектуалды және рухани жан дүниесі байлығын дамытуға бағытталған;
  • екінші сыныптан бастап гимназистер ағылшын тілін оқиды. Бұл пән 5 сыныптан бастап тереңдетіп оқытылады.

 Гимназияның әлеуеті:

  • гимназияда әлемдік мәдениетті меңгеріп, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жан-жақты тұлғаны қалыптастыруға байланысты барлық жағдай жасалған;
  • гимназия ұжымы жаңартылған білім беру мазмұнының әдіс-тәсілдерін толығымен игеріп, цифрлық технологияны толығымен меңгеріп,  заман талабына сай жұмыс істейді;
  • гимназияда қазіргі заман талаптарына сай оқу кабинеттері бар. Барлық кабинеттер интернет желісіне қосылып, интерактивті тақтамен жабдықталған;
  • қазіргі заманғы аппаратуралармен жабдықталған 250 орынға арналған мәжіліс залы бар;
  • спорт құралдарымен толығымен жабдықталған 500 шаршы метр болатын спорт залы бар;
  • «Әуен» Дыбыс жазу студиясы бар;
  • заман талабына сай жабдықталған кітапхана. Кітапханада мультимедиалық құрылғылармен жабдықталған компьютерлер қойылған. Сондай-ақ, Рухани жаңғыру, Коворкинг орындары ұйымдастырылған.

Гимназияның қосымша білім беру мүмкіндігі

  • Гимназияда әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының «Шұғыла» орталығы жұмыс істейді. Орталықтың мақсаты – балаға қазақ ұлтының әндері мен билерін, қолөнерін үйрету және заманауи цифрлық технология жетістіктерін меңгерту. Бұдан бөлек төмендегі клубтар мен үйірмелер бар:
  • «Даналықтың діңгегі» – жас абайтанушылар клубы;
  • «Ер Қазақ» – жас тарихшылар клубы;
  • «Сана» – интеллектуалды клубы (Не? Қайда? Қашан?);
  • «Парасат» – дебат алаңы;
  • «Талаптан» – оқушылардың ғылыми орталығы;
  • «Ақбозат» – шахмат клубы.
  • Қазақ күресі үйірмесі;
  • Тоғызқұмалақ үйірмесі;
  • «Журналистика» – жас тілшілер үйірмесі.

 

 

 

 

X