ҚР Мемлекеттік рәміздерін білу және насихаттау

“Мемлекеттік рәміздерге құрмет — азаттық міндет»

Бүгін мектебімізде «Мемлекеттік рәміздерге құрмет — азаттық міндет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараны алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі ұйымдастырып, оқушыларға мемлекеттік рәміздердің маңызы мен оларды құрметтеудің — әр азаматтың патриоттық борышы екенін түсіндірді.

Дөңгелек үстел барысында оқушылар Мемлекеттік Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз туралы өз ойларымен бөлісіп, еліміздің тәуелсіздігі мен ұлттық құндылықтар туралы пікірлерін ортаға салды.
Олар рәміздерді құрметтеу — елге деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершіліктің белгісі екенін терең сезіне білді.

Біздің мақтанышымыз – РӘМІЗДЕРІМІЗ!
Біз оларды әрқашан құрметтеп, қорғауға міндеттіміз!

Мемлекеттік рәміздерге құрмет


 

Кайым Мухамедханов атындагы