Ата-аналар міндеттері

  • Балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуға, азаматтық тұрғыда қалыптасуын қамтамасыз етуге, білім мен тәрбие сапасын жақсартуға үлес қосуға, баланың сабақтан тыс мезгілдегі тәртібін жеке жауапкершілікке алуға;
  • Өздерінің қабілеттері және қаржылық мүмкіндіктері шегінде баланың дамуы үшін қажетті өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге міндетті (Бала құқықтары туралы Конвенциясының 27 бабының 2-тармақшасы);
  • Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті екенін мойындауға; (Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабының 2-тармақшасы);
  • «Баланы тәрбиелеуге, оны күтіп бағуды жүзеге асыруға, материалдық жағынан қолдауға, оның әл-ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге» (Қазақстан Республикасы «Баланың құқықтары туралы» Заңының 24- бабының 2-тармақшасы);
  •  Балаға алкогольді ішімдіктерді, темекіні және темекі бұйымдарын сатуға және пайдалануға тыйым салуға; (Қазақстан Республикасы «Балалар құқықтары туралы» Заңының 37- бабының 2-тармақшасы);
  • Білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға міндетті (Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 49-бабының 2-тармағы,  3-тармақшасы);
  • Балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге міндетті (Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 49-бабының 2-тармағы,  4-тармақшасы);
  • Балаларының білім беру ұйымдарында белгіленген киім үлгісін сақтауға міндетті (Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 49-бабының        2-тармағы, 7-тармақшасы);
  • Мектептен тыс уақытта баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға, күнделікті сабақтан кешіктірмей, толық қатыстыруға, сондай-ақ кешкі уақытта қараусыз қалдырмауға;
  • Сабақ уақытында ұялы телефон, смартфон, планшет ұстатпауға;
  • Күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы демалыс күндерінде, мектептен тыс уақыттағы жол және өмір қауіпсыздігінің жауапкершілігін, тәртібін күнделікті қадағалауды өз қарауына алуға, балаға толық жауапкершілікті өз мойнына алуға;
  • Баланың мектептен тыс мезгілде бейәдеп, теріс қылықтарына, өмірінің қауіпсіздігіне жеке жауапты екенін сезінуге;
  • Осы аталған мәселелер орындалмаған жағдайда ата-аналық жауапкершілігіне және ата-аналық міндетіне лайық еместігін сезінуге;
  • Баланың кешкі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орталықтарына, сағат 23:00-ден кейін үй ауласынан тыс жерге қараусыз жібермеуге;
  • Баланың көлік жүргізуіне тыйым салуға;
  • Баланың өз бетімен балық аулауына, су жағасына, орман алаңына баруына тыйым салуға, өмір қауіпсіздігін сақтауға;
  • Отбасындағы ұл-қыздың тәрбиесіне, (әсіресе қыз бала тәрбиесіне) қатты көңіл бөлуге;
  • Балаларының мектепте нашақорлық тұрғыдағы заттарды (темекі, насыбай, есірткі заттар) әкелуіне, пайдалануына, өзге азаматтарға, оның ішінде, тәрбие алушыларға насихаттауына жол бермеуге;
  • Балаларының мектепке өткір, үшкір, суық қаруларды (пышақ, қанжар, костет т.б), ату құралдарын (мылтық, пистолет, газбаллондар, электрошокер т.б) әкелуіне және пайдалануына жол бермеуге;
  • Балаларының мектеп ішінде ұлтаралық, рулық, жершілдік мәселелерді қозғауына, өзгелерді кемсітуіне жол бермеуге;
  • Балаларының мектепке аса құнды әшекей заттар мен бұйымдарды (сақина, сырға, білезік, моншақ т.б) әкелуіне және пайдалануына жол бермеуге;
  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы                     орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы №26 бұйрығының 2-тармағының 13-тармақшасында «Мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды. Орта білім беру ұйымында кез-келген діни конфессияға қатынасын білдіретін діни киімдерді (хиджаб, никаб, бурка, паранжа, сикх тюрбандары және иудей кипа-бас киімдері және т.б.) және кез-келген діни атрибутикаларды (белгілерді) киюге тыйым салынған», осы бұйрықты ата-аналар орындауға міндетті;
  • Мектеп оқушылары мектеп қабырғасында шаш үлгілері мектеп оқушыларына сай үлгіде болуын қадағалауға;
  • ұл балалардың мектеп формасы қара көк түсті пиджак, жилет, шалбар, ақ көйлек киіп баруын қадағалауға;
  • мектеп ішінде бастарына әртүрлі үлгідегі бас киімдер кепка, тақия, бөрік т.с.с. бас киімдер киіп сабаққа бармауын қадағалауға;
  • ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұратын шалбар киіп сабаққа баруын қадағалауға;
  • қыз балалардың мектеп формасы қара көк түсті пиджак, жилет, юбка, ақ көйлек, ақ бантикпен сабаққа баруын қадағалауға;
  • мектеп ішінде бастарына әртүрлі үлгідегі бас киімдер орамал, кимешек, т.с.с. бас киімдер киіп сабаққа бармауын қадағалауға;
  • қыз балалар сабаққа бас киімсіз шаштарына ақ бантик тағып баруға;
  • қыздарға арналған юбкалар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тізені жауып тұратын болуын қадағалауға;
  • ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюммен,  спорттық шалбармен, футболкамен, споттық аяқ киіммен (кроссовка, кеда) дене шынықтыру сабағына баруын қадағалауға.
X