Гимназия оқушылары жүлдегер атанды

     12 қыркүйек қазақ күресінен кіші жасөспірімдер арасында “Жас Барыс” қалалық турнирі өтті. Аталған жарысқа дене шынықтыру пәні мұғалімі Нұрсұлтан Бауыржанұлы жаттықтырған жас өрендер де қатысты. Нәтижесінде гимназиямыздың оқушылары алтын және қола жүлдеге ие болды. Атап айтқанда, 4 “А” сынып оқушысы Даниял Кульчиков бірінші орын, 3 “А” сынып оқушысы Абдурахим Жақсылық үшінші орынды еншіледі. Мектеп ұжымы Нұрсұлтан Бауыржанұлын құттықтай отырып, шәкірттерінің биік белестен көріне беруіне тілектестік білдіреді.

    

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

X