Тіл апталығы аталып өтті

5 қыркүйек – қазақ әліпбиінің негізін қалаған реформатор, ағартушы, ұстаз, алаш көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Осы айтулы күннен бастап, гимназиямызда тілдер апталығы аталып өтті. «Тіл – тәуелсіздіктің тұғыры» тақырыбы аясында өткен қазақ тілі мен әдебиеті және тарих бірлестігінің онкүндігінде бірқанша іс-шаралар, ашық сабақтар ұйымдастырылды. Соның ішінде «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» көрмесі, «Мен тәуелсіз елдің ұланымын» атты эссе байқауы, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайыс, «Қайым Мұхамедхановтың дара жолы» тақырыбында дөңгелек үстел, «Артық ғылым кітапта» атты танымдық сайыс және басқа да шараларды атауға болады.

Сондай-ақ гимназия оқушылары тіл апталығына орай Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Абай» атындағы ғылыми зерттеу институтының директоры Жандос Мағазбекұлымен кездесті. Ғалымның «Абай – ұлы даланың ұлы ақыны» тақырыбында өткен дәрісі оқушылардың танымын артырып, тәлімді ойлармен байытты. Апталық соңында «Тіл – ұлттың жаны» атты қорытынды шара өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

X