Ахмет Байтұрсынұлының құрметіне арналған көрме

6 қыркүйек Қазақстан Халқы тілдері күні аясында «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты көрме ұйымдастырылды.  Бұл көрме Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күн құрметіне арналды. Елімізде тіл мерекесі болып белгіленген 5 қыркүйек – қазақ тіл білімінің негізін қалаған ғалым, оқу-оқыту ісін жүйелеуші, мемлекет және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Көрме осы атаулы күнге орай ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығын жеткіншек ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Мектеп қабырғасында өткен көрмеге Ахмет Байтұрсынұлының көркем шығармалары мен ғылыми еңбектері, тарихи фотосуреттері қойылды. Мектебіміздегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері, кітапхана меңгерушісі Гүлнар Шақизақызы оқушыларға ұлт ұстазының өмірі мен шығармашылығы жайында тағылымдық дәріс оқыды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

X