Абайтануға арналған кездесу

Қазақ тілі онкүндігінің аясында 15 қыркүйек күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті «Абай академиясының» директоры Жандос Мағазбекұлымен  кездесу өтті. «Ұлы даланың ұлы ақыны – Абай» тақырыбында өткен басқосуда Жандос Мағазбекұлы оқушыларға тәлімді ой айтып, Абай өмірі мен шығармашылығына қатысты мол мағлұмат берді әрі ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Сондай-ақ өз кезегінде оқушылар да Абай поэзиясы мен қара сөздерінен үзінділер оқып, тың дайындықтарын байқатты.

Еркін форматта өткен кездесуде оқушылар ғалым ағаларына сұрақ қойып, көкейіндегі сауалдарына жауап тапты. Өздері  жатқа білетін Абай өлеңдерінің мазмұнын тереңнен түсініп, жаңаша таныды. Кеш көңілге ой саларлық, мотивациялық сипатта өтті. Жас шәкірттер шабыт алып, әсерленіп шықты.

Сонымен бірге бұл кездесудің тағы бір олжасы институт директоры гимназия кітапханасына көптеген кітаптар сыйға тартты. Атап айтқанда, Нұрлан Дулатбековтың “Құнанбай Өскенбаев ісі”, “Бес асыл іс” кітабы, Р.К. Төлеубекова, Е.Ө. Жұматаева, Т.С. Сламбекова авторлардың ұжымдық зерттеу еңбегі – “Абайдың педагогикалық дүниетанымы”, Серік Негимовтың “Абайдың көркемдік және ғылыми дүниетанымы” және Ерлан Сыдықовтың “Абайдың ғұмырнамасы” атты құнды кітаптар кітапхана сөресіне қойылды. Абайтануға қатысты бұл бағалы кітаптар гимназиямыздың Абай кітапханасының шырайын одан әрі аша түскені анық.

Шара соңында гимназия директоры Аятжан Ахметжанұлы қазақтың бас ақынының:

«Болмасаңда ұқсап бақ!

Бір ғалымды көрсеңіз.

“Ондай болу қайда?” – деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз,- деген өлеңін оқып, кездесуді қорытындылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

X