«Көшбасшы оқушы» анықталды

Тілдер апталығының аясында 13 қыркүйек күні тарих пәні мұғалімі М.Қ. Қуанышқалиев және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Е. Әбутәліптің ұйымдастыруымен 9-11-сынып оқушылары арасында «Көшбасшы оқушы» атты зияткерлік сайыс өтті.

Сайысқа мектеп мұғалімдері Г.Ж. Сайлаубаева, Қ. Санат, А. Байысхан қазылық етті. Бәсекенің 1-кезеңінде оқушылар өздері таңдаған ұяшықтағы сұраққа жауап берсе, 2-кезеңінде белгілі бір тақырып негізінде сөйлеу шеберлігі сыналды.

Тартысты сайыстың қорытындысында Ескендір жеңімпаз атанып, «Көшбасшы оқушы» деп танылды. Ал Дәулет, Нұрсая және Ернар ретімен 1, 2, 3-орындарға ие болды. Сонымен бірге сайыс жеңімпазы қалалық деңгейлі жарысқа жолдама алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

X