№90 Гимназия оқушысы бас жүлде иегері

Қазақ күресінен 2004-2005 жылы туған мектеп оқушылары арасында Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевты еске алуға арналған республикалық турнир өтті. Әр мектептің үкілеп қосқан дүлдүлдерінің арасында гимназиямыздың да сенім артқан саңлақтары бар еді. Қиянкескі тартыс нәтижесінде гимназиямыздың 9 “Ә” сынып оқушысы Әсем Аманова 44 келі салмақта І орынға  ие болды.

Бұл Әсемнің тынбай еңбектенуінің арқасы болса, енді бір жағы Қазақ күресінен үйірме ашып, оқушыларды спортқа баулып жүрген гимназиямыздың дене шынықтыру пәні мұғалімі Нұрсұлтан Бауыржанұлының да төккен терінің жемісі. Біз Нұрсұлтан мұғалімге шәкірттерінің алда да жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектестік білдіреміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

X