«Online мектеп» жобасының авторы гимназия қонағы

14 қаңтар күні білім саласының белгілі тұлғасы, көптеген инновациялық жобаларды жүзеге асырған Рауан Кенжеханұлы мектебімізге қонаққа келді. Мәжіліс залында өткен кездесуге мектептің мұғалімдер қауымы түгел қатысты. Жүздесу ашық форматта, еркін сұрақ-жауап түрінде өрбіді.
Мектеп директоры Аятжан Ахметжан кіріспе сөз сөйлеп, Рауан Кенжеханұлын таныстырды. Одан кейін спикер адам капиталы және оның негізгі сипаты, Қазақстандағы адам капиталының жай-күйі туралы нақты цифр, дәлел-дәйек негізінде талдап түсіндірді. Дәрістің маңызы зейін қоя тыңдаған мұғалімдердің ықыласынан аңғарылды. Әрине, 3 сағатқа созылған кездесуде «Online мектеп», «Bilimland» сияқты мектеп өмірімен етене қатысты жобалар да сөз болмай қалған жоқ. Әрбір жобаның ерекшеліктерін түсіндірген Рауан мырза «Кітап.kz», «100 жаңа оқулық» ресурстарының да мүмкіндігіне тоқталды.

Кездесудің соңғы сұрақ-жауап бөлімінде еркін сұрақтар қойылып, білім саласының көптеген көкейкесті мәселелері талқыланды. Рауан Кенжеханұлы да барынша шынайы және жан-жақтылы жуап беріп, қордаланған мәселелердің себебі мен салдарын анықтады. Мәселенің шығар жолын ұсынды.
Қысқаша Рауан Кенжеханұлы туралы айта кетсек, ол WikiBilim қорын құрып, Google Translate-те қазақ тілін енгізген, қазақстандық онлайн-кітапхана – Kitap.kz жобасын жүзеге асырған әрі «Ұлттық аударма бюросы» негізінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жабасын әзірлеген тұлға.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

X