Қаламгерлермен кездескен күн

Бүгін гимназиямызға ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР жазушылар Одағының мүшесі, ақын Егеухан Мұқамәдиқызы және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ҚР Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының төрағасы, ақын Дәулеткерей Кәпұлы келді.

Меймандар оқу орнын аралап, мектептің алдағы жоба-жоспарымен танысты. Атқарылып жатқан шараларға оң бағасын берді. Сондай-ақ жаңадан ашылған коворкинг орталығына арнайы құтты болсын айтып, жылы лебіз, ақ тілектерін арнады.

Әдебиетіміздің екі өкілі өз сәтінде оқушыларға арнап алып келген қомақты сыйлығын да табыстады. Кітапхана қорына 50-ден аса құнды кітап сыйға тартты. Арнаулы сериямен жарық көрген бағалы кітаптар жаңадан ашылған коворкинг орталығы үшін керемет тарту болды.

Аталған сауғасын ұсына отырып, Егеухан апамыз балалардың болашағының жарқын болуын тілесе, Дәлеткерей кәпұлы әрбір кітап оқырмандардың рухани байлығын дамытып, көкірек көзін ашуға ықпал етсін деген игі ойын ортаға салды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

X