Кітап оқы да сыйлық ұтып ал!

Жақсы кітап – жан азығы. Кітап оқудың таным көкжиегін кеңейту мен білім қорын жетілдіруге тигізер әсері айрықша. Сондықтан ел ауқымында кітап оқуға қатысты  «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында 30 кітап акциясы», «Кітап – білім қайнары» қатарлы әртүрлі шаралар өткізіліп жатыр. Осы шаралардың қатарында гимназия да “Артық ғылым кітапта” атты жобаны бастады.

Жоба әр тоқсан сайын мектеп оқушылары мен ұстаздарына бір кітаптан оқуды ұсынады. Оқырмандардың деңгейін ескере отырып, оқушыларды 2-4, 5-7 және 8-10 сынып бойынша топтастырып, 3 санатқа жіктеледі. Әр санатқа мазмұны мен күрделілігіне қарай әртүрлі кітап ұсынылады. Ұстаздар қауымына бөлек тақырып беріледі. Сонымен шараны жоспарлаушы комиссия өзара ақылдаса келе 2-4 сынып оқушыларына «Ы. Алтынсарин әңгімелерін», 5-7 сынып оқушыларына С. Досжанның «Ауылдан шыққан миллионер» кітабын ұсынды. 8-10 сынып оқушылары Ғ. Мүсіреповтың «Ұлпан» романын оқымақ. Ал ұстаздар қауымына О. Бөкейдің «Атау кере» романын мақұлдап отыр.

Атап өтерлігі, бұл кітап оқу акциясына арнайы жүлде тігіліп отыр. Мектеп директоры Аятжан Ахметжан үздік оқырмандарды жыл соңына қарай бағалы сыйлықтармен марапаттамақ. Яғни осы оқылған кітаптар негізінде келесі тоқсан басында түрлі кезеңдік сынақтардан өту арқылы жүзден жүйріктер анықталады. Осылайша №90 гимназия басшылығы өз оқушыларымен бірге ұстаздарды да ынталандырғысы келеді. Ендеше, кітап оқы да, сыйлық ұтып ал! Үздік оқырман титулы сені күтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

X