Шешендер сайысқа түсті

Бүгін гимназиямызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай 9-10 сынып оқушылары арасында мектепшілік дебат турнирі өтті.

АПФ форматындағы сайысқа «Парасат» пікірталас клубының жетекшісі, тәрбие ісінің орынбасары Қуандық Санат және директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің орынбасары Досжан Сіләм қазылық етті.

Сөз додасында шешендердің сөз саптауы, көтерген тақырыбын толық ашып, қарсыластың сұрағына ұтымды жуап беруі толық ескерілді. Әсіресе, қарсыласының осал тұсын дөп басып тауып, сыналап кіріп, сол талмауыр тұстан орынжы уәж, бұлтартпас дерекпен сөзден ұту машығына маңыз берілді.

Нәтижесінде топтық бәсекеден іріктеліп, «Қазақ стилі» командасы жеңіске жетті. Команда мүшелері 9-сынып оқушысы Адуын Қажет пен 10-сынып оқушысы Ұлпан Қанафияно

ва қалалық турнирге жолдама алды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

X