Тоғызқұмалақтан жарыс өтті

16 қазан гимназиямызда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тоғызқұмалақ ойынынан кіші жасөспірімдер арасындағы қалалық турнир өтті. №86 мектепте ұйымдастырылған жарысқа Нұр-Сұлтан қаласына қарасты №24, №59, №86, №78, №71, “Арқа-Алаң” мектептерінен 70-ке жуық оқушы қатысты.

Тоғызқұмалақ зияткерлік ойын болғандықтан онда әдіс пен айла, тактика мен тәсіл қатар сынға түсетіні анық. Міне, ақыл-ой алаңында сыннан сүрінбей өтіп, шеберлігін таныта алған 10 ойыншы үздіктер қатарынан көрінді. Олардың арасында гимназиямыздың оқушылары  Мәдина Мырзағазы мен Дария Жасұлан жүлделі ІІ орын, ал  Дияс Боранбай ІІІ орынға ие болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

X