Мектеп командасы жүлделі орынға ие болды

Қарашаның 6 жұлдызы Ақмола облысы Шортанды ауданыңда қазақ күресінен кіші жасөспірімдер арасындағы турнир өтті. Ақмола облысының бұл турнирі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналды. Нұр-Сұлтан қаласы және облыстық деңгейдегі әртүрлі мектеп оқушылары қатысқан дода тартысты өтіп, гимназиямыздан төмендегі оқушылар жүлдеді орынға ие болды.

Алтын медаль жеңімпаздары:

Нұрсұлтан Бекболат (23 келі, 5 “А” сынып)
Раууф Кульчиков (32 келі, 5 “А” сынып)
Нұрислам Әскербек (46 келі, 4 “А” сынып)

Күміс жүлдегерлер:

Бекарыс Жарылғасын (23 келі, 3 “Г” сынып)
Жасұлан Бекболат (35 келі, 3 “Ә” сынып)
Ерәли Қабдынасыр (26 келі, 5 “А” сынып)

Қола медаль иегері:

Мұхтар Жарылғасын (5 “Ә” сынып)

Нұрсұлтан Бауыржанұлы жетекшілігіндегі оқушылардың жеңіс тұғырынан көрініп, жүлдеге қол жеткізуінің нәтижесінде №90 гимназия командасы топтық есепте 2-орынды еншіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

X