Гимназия мұғалімі Қазақстан Республикасының спорт шебері

Бүгін Желтоқсан құрбандарын еске алуға арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы ҚР чемипонаты өз мәресіне жетті. 10-12 қараша күндері Семейде өткен байрақты бәсекеге 14 облыс, 3 қала бойынша жалпы 500-ден аса балуан бақ сынады. Олар 3 салмақ дәрежесінде сынға түіп, үздіктерді анықтады. Соның ішінде талай шәкірттері жеңіс тұғырынан көрініп жүрген гимназиямыздың дене шынықтыру пәні мұғалімі, ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі Нұрсұлтан Бауыржанұлы да бар болатын.

Нәтижесінде жігері мен талабы түйісіп, әдісі мен амалы үйлескен әріптесіміз чемпионаттың қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ қазылар тарапынан кандидатурасы мақұлданып, халықаралық жарыстарға жолдама берілді.  Біз ұжым атынан шәкірттерін баулып қана қоймай, өзі де өнегесімен үлгі бола білген Нұрсұлтан Бауыржанұлын құттықтаймыз. Алда әлі де талай мәреден көріне беруіне тілектестік білдіреміз. Жеңіс құтты болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

X