Эвакуация оқу – жаттығу жиыны өткізілді

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жоспарына сәйкес «Қайым Мұхамедханов атындағы № 90 гимназия» КММ-де 2021 жылдың 12 қараша күні сағат 13.45  эвакуация оқу – жаттығу жиыны өткізілді.

«Өрт қаупі туындаған кезде гимназияда эвакуациялау жұмыстарын жүргізу» тақырыбы аясында өткізілген оқу-жаттығу жиынында өрт кезіндегі эвакуация жоспары және өрт қаупі туындаған жағдайда мұғалімдердің атқаратын іс-шаралары пысықталды.

Оқу-жаттығу гимназияда төтенше жағдай (өрт қаупі) туындағаны туралы дабыл беруден басталды. Сабақ өткізіп жатқан мұғалімдер дабылды естігеннен кейін сыныптағы оқушыларды қосалқы есіктер арқылы шығарып, алаңда тізім бойынша түгендеді. Соңында эвакуация жасаған пән мұғалімдері оқушыларды сынып жетекшілеріне тапсырды. Эвакуацияға комиссия төрағасы Қуандық Санатұлы және азаматтық қорғаныс штабының басшысы Г.Р. Махмет жауапты болды. Бұл оқу-жаттығуда мұғалімдер кабинеттерде электроэнергияны өшіру, есікті ашық тастап, кілтті құлыпта қалдыру, оқушы саны туралы анық мәлімет алу қатарлы біраз   машықтарға жатылып, эвакуациюлау іс-шараларын пысықтады. Төтенше жағдайда әбжіл шешім қабылдауды үйренді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

X