Футболдан қалалық жарыс өтті

6 қараша күні Нұр-Сұлтан қалалық мектептерінің арасында футболдан жарыс өтті. Қ. Мұхамедханов атындағы №90 гимназия ұйымдастырған жарысқа 20 команда қатысып, өзара play off түрінде бақ сынасты. Ең соңында іріктеліп, озып шыққан командалар Елбасы күніне орай 1 желтоқсанда өтетін республикалық жарысқа жолдама алмақ.
Ойын барысында мықты командалар үздік шабуыл, мықты қорғаныс, ұрымтал тойтарыс қатарлы керемет тактикалық тәсілдермен матчтың көркін қыздырды. Күн ұзаққа соқылған жарыс қорытындысында №90 гимназия командасы 2-орынға қол жеткізді. Ал команда мүшесі Сайын Әбдірахман қазылар тарапынан үздік қақпашы деп танылды. Біз гимназиямыздың дене шынықтыру пәні мұғалімі Бақытбек Әмірханұлы жаттықтырған командаға алда да үздік жеңістер тілейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

X