«Толағай» мәресіне жетті

Бала тәрбиесінде мектеп, ата-ана, қоғамның негізгі үштаған ретінде атқарар рөлі айрықша. Әсіресе, бүгінгідей ата-ана жұмысқа «байланған», оқу онлайнға айналған заманда бала тәрбиесі тіпті де шетін мәселеге айналды. Оның үстіне психологтар да баланы әмірмен басқарудан гөрі, жанына үңілу, көңілін табу, өзара сырласудың қажет екенін айтып, дабыл қағуда.
Өмір жүзіндегі осындай түйткілдерді ескере келе, мектеп ұжымы ата-аналар мен балалардан құралған отбасылық «Толағай» бәсекесін оздыруды қолға алды. Басты мақсат бала мен ата-атананың өзара түсіністігін тереңдету, ойын арқылы отбасылық институттың негізін бекемдеу, отбасы мүшелерінің ойын тапсырмасын орындау барысында бірін-бірі ұғынуы сияқты қарым-қатынасты бекіте түсуді көздеді.
20 қараша күні басталған сайыс бір аптаға ұласып, 27 қараша күні өз мәресіне жетті. Жарысқа жалпы 20 отбасы қатысты. Командалар оқушылардың жас деңгейіне сай, бірнеше топтарға бөлінді. Сөйтіп әр топтан үздік отбасылар анықталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

X