Мектеп мерейленген күн

Оқушысының жетістікке жеткенін көргеннен артық мұғалімде қуаныш жоқ болса керек. Ал мұғалім марапат алып, биіктен көрініп жатса, бұл мектеп ұжымының да мерейінің өскені. Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназия үшін мұғалімдердің бағындырған белестері өз алдына бөлек қуаныш. Елеулі жетістіктерімен ел сүйсінтіп, толағай табыстарымен топты қуантқан сондай мұғалімдердің бір шоғырына құтты болсын айтуды жөн санадық:
1. «Батырлар жарысы» атты әскериленген кросстан Ерғали Советбекұлы жетекшілік еткен топ І орын иегері атанды;
2. «Үздік автор – 2021» атты ғылыми-практикалық республикалық жобасының «Үздік мақала» номинациясы бойынша кітапхана меңгерушісі Гүлнәр Шақизақызы І орынмен марапатталды;

3. Нұр-сұлтан қаласы бойынша «Жас педагог байқауында» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Арай Байысқанқызы жүлделі ІІІ орын алды;
4. Бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпиадасында Жанар Әлиханова, Аида Шаяндина, Гауһар Камалова І дәрежелі дипломмен, ал Гүлмекен Берікханова, Құндыз Сейтмағанбетова, Айгүл Жанболатова, Гүлмира Жәнібекова ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

5. Мұхтархан Малгаждарұлы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

6. Балалар шығамашылығын дамыту мен педагогика саласына қосқан үлесі үшін мектептің музыка пәні мұғалімдері Жайнагүл Толқынбек пен Нұрбек Бейбіт «Самға Қазақстан» байқауының комиссиясы тарапынан арнайы құрмет грамотасымен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

X