Ашық есік күні

4 қараша күні сағат 11:00-16:00 аралығында гимназиямызда Ашық есік күні өтті. Санитарлық талаптар сақтала отырып ұйымдастырылған шараға ата-аналар қауымы белсенділік танытты. Олар мектеп әкімшілігімен, пән мұғалімдерімен және сынып жетекшілерімен кездесіп, балаларына қатысты жағдайларды сұрап білді. Сонымен бірге мектептің ішкі тыныс-тіршілігімен танысып, қолға алынып жатқан жобалардан хабардар болды.
Ата-ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты тереңдетуге бағытталған Ашық есік күні сәтті өтіп, тиісті деңгейде өз жемісін көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

X