Оғландар олжалы оралды

30 қаңтар Нұр-Сұлтан қаласында қазақ күресінен кіші жасөспірімдер арасында қалалық турнир өтті. Бас-аяғы  8 команда қатысқан жарыста болашақта балуан болып, ел намасын қорғаймын деген жас саңлақтар сайысқа түсті.

Бұл бәсекеге мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, республикалық спорт шебері Нұрсұлтан Бауыржанұлы да өз шәкірттерін бастап барды.

Күн ұзаққа созылған белдесуде жас өрендер күрестің әртүрлі әдіс-айлаларын қолданып, өз өнерлерін паш етті. Біреуі қара күштің иесі екенін аңдатып, жамбасқа алып ұруға амал жасаса, енді біреуі қарсыласымен әбден ырғасып, ең ұрымтал тұсында әдіске көшті.

Бақ пен бап қатар сынға түскен шаршы алаңда шашасына шаң жұқтырмаған санаулы саңлақтар мәреге жетті. Солардың арасында Нұрсұлтан баптаған 8 бірдей өрен бар еді. Олар жеңіс тұғырынан көрінген 1-орын иегерлері:

Нұрсұлтан Бекболат (23 келі);

Раууф Кульчиков (32 келі);

Даниял  Кульчиков (38 келі);

Ислам Кәрім (42 келі);

және жүлделі 2-орынға табан тіреген:

Бекарыс Жарылғасын (23 келі);

Ерали Хабдынасыр (29 келі);

Жасұлан Бекболат (35 келі);

Бейбіт Мейірхан (32 келі).

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

X