Куратор сағаты сәтті өтті

4-ақпан Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы басшысының орынбасары Сындар Мұратқызы Дауешова мектебіміздің ұстаздар қауымына «Педагогтерді аттестаттаудан өткіз

удің қағидалары мен шарттары» туралы кураторлық сағат өткізді. Әдістемелік қолдау көрсетуді көздеген аталған тәжірибелі

к сағат мұғалімдердің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берген, аса қажетті кездесу болды. Оны қатысушы мұғалімдердің белсене қойған сұрақтары мен зе

йін қоя тыңдаған ықыластарынан аңғардық.

Сындар Мұратқызы, ең әуелі, Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының ресми сайтын https://astana-modern.kz/  таныстырып өтті. Мүмкіндіктері мен ресурстық әлеуетін жан-жақтылы атап көрсетіп, кейбір елеусіз, алайда аса пайдалы фукцияларын нақты түсіндірді.

Одан кейін куратор сағаты сұрақ-жауап пен пікір алмасуға ойысты. Еркін әңгіме түрінде жалғасқан ашық талқы мұғалімдерге әдістемелік сүйемелдеу, педагогтердің кәсіби шеберлігін үздіксіз арттыруға қатысты мол мағлұмат берді.

Куратор Сындар Мұратқызы көптің ықыласына сүйсініп, алдағы уақытта да жан-жақты тәжірибе жинақтау мақсатында бірлескен жұмыс жалғасын табатынын атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

X