Вице-министр мектеппен танысты

  12 ақпан ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Раинбекқызы және Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы бастаған арнайы топ мектебімізге келіп, жұмыс үдерісімен танысты.
Басшылық құрамды мектеп директоры Аятжан Ахметжанұлы қарсы алып, мектептің қазіргі жай-күйімен, атқарылып жатқан жұмыс барысымен таныстырды. Құзырлы басшылар оқу сыныптары мен зертханалар, кабинеттер және асхана қатарлы негізгі имараттарды көзден кешірді.
Комитет төрайымы мен басқарма басшысы нысандармен танысқаннан кейін гиназияның ұстанып отырған негізгі ұстыны – ұлттық мектеп, ұлттық тәлім-тәрбие турасында пікір алысты. Директор Аятжан Ахметжанұлы «Ұрпақтар сабақтастығы» аталатын жоба жайлы түсіндіріп, Алаш көсемі Әлихан Бөкейханнан бастап, гимназияның тұңғыш директоры Ербол Іргебайға дейінгі тұлғалар сабақтастығын сөз етті. Ұлттық идеяның көрнекі түрде көрініс табуын, ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңірудің жолдарын баяндады.
Басшылар құрамы мектепте қажетті жағдайлар жасалғанын тілге тиек етіп, гимназияның атқарған жұмыстарына оң бағасын берді. Сондай-ақ мектеп ұжымына зияткер әрі ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген адамгершілік қасиеттерге бай оқушылар тәрбиелеуде табыстар тіледі.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

X