Ішкі тәртіп ережелері

Ұлттық гимназия оқушыларына Ішкі тәртіп ережелері таныстырылды Гимназияның оқушылары Қазақстан Республикасының Заңнамалары актілерін орындауға міндетті, сонымен қатар: Үнемі сабаққа қатысады, тереңдетілген бағдарламаны меңгеруге талпынады, дамиды. Сабаққа қатыспаған жағдайда, өзінің сабаққа қатыспағандығын дәлелдейтін құқықтық анықтамасы көрсетіледі; Оқушы гимназияда өткізілетін іс-шараларға және сабақтарға кешікпеуге міндетті. Қоңырау соғылғаннан кейін оқушы сыныпқа кіріп, сабаққа дайын болуы керек. сабақта пән мұғалімінің талаптарын орындайды. Сабақ тәртібін сақтап, сабаққа қажетті барлық оқу құралдарын дайындайды. Оқушыларға сабақ барысында басқа нәрсемен айналысуға, мұғалімнің рұқсатынсыз басқа орынға отыруға, өз орнынан тұрып сыныптан шығып кетуге қатаң тыйым салынады; сабақ аяқталмас бұрын мектептен шығуға сынып жетекшісінен немесе әкімшілік кезекшісінен рұқсат алады. Оның себебі, баланың ауырып қалуы, ата-анасының анықтамасы, басқа мемлекеттік мекемеге шақырылуы және де т.б. болып табылады; мекеме ғимаратындағы құрал жабдықтарға, оқулықтарға, оқу құралдарына мұқият қарайды. Мекеме мүлкіне зиян келтірген жағдайда, оқушы және ата-анаға қойылған тәртіп, ата-ананмен келісім шарт негізінде ата-анадан мүлікті қалпына келтіру талап етіледі; мекемеден алған оқулықтары мен басқа да оқу құралдарын оқу жылының соңында немесе мекемеден кетіп жатқан жағдайда тапсырады; гимназия ішінде және оның аумағында тәртіп пен тазалықты сақтайды, мектептегі және сыныптағы кезекшілікті ұқыпты орындайды; өрт қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігі ережелерін сақтайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

X