ЖАРАСЫМДЫ ҮШТІК: ОТБАСЫ-БАЛА-МЕКТЕП

ЖАРАСЫМДЫ ҮШТІК: ОТБАСЫ-БАЛА-МЕКТЕП атты 5-11 сынып ата-аналары жиналысы «Жарасымды үштік: ОТБАСЫ-БАЛА-МЕКТЕП» тақырыбында 5-11 сынып ата-аналарының жиналысы өтті. Күн тәртібінде: 2023-2024 оқу жылының басталуы туралы гимназия директоры Абдраманова Г.А. Оқу-тәрбие үдерісімен таныстыру жайлы ДОІЖ орынбасарлары Сариева Ғ.С., Г.Жайлаубек Мектептің ішкі тәртіп ережесі, ата-аналар ережесі, оқушылар ережесі туралы ДТІЖ орынбасары Санат Қ. Гимназияның оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша, оқу жылының ұзақтығы, білім алушылардың бейімділігі жөнінде толығымен гимназия директоры Гүлжанат Асанқызы таныстырды. Сонымен қатар білім сапасы басты назарда екендігіне нақты тоқталып өтті. Гимназия мұғалімдерінің кәсіби біліктіліктерін арттыра отырып білім сапасындағы олқылықтарды реттеу үшін, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс, пәндік білімдегі жеке жұмыстар, зерттеу сабақтары қолға алынып нәтижеге бағыттау. Мектепішілік бақылауды жүйелі жоспарлау, оқушылардың тоқсан сайынғы біліміне талдау жүргізу. Қосымша сабақтардың өтілу сапасына бақылау, ата-аналармен бірлескен қоғамдастық құру. Ұжымның ынтымағы арқылы алға қойылған мақсатқа жетеміз деген сенім бар. Санат Қ. 2023-2024 оқу жылындағы БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫНА тоқталып, негізгі бағыттарын таныстырып өтті. Бағдарлама аясында ата-аналармен тығыз байланыста болып, сапалы білім, саналы тәрбиені бірлесе жасаудың алғы шарттарын айтып өтті. Қосымша білім берудегі үйірме жұмыстарының жүйелі жоспарлануы да айтылды. Қорыта келгенде, жиналыс тақырыбына сәйкес үштік арасындағы ынтымақтың орнауы, жақсы нәтижеге жетудің бірден-бір кепілі екендігі көрінеді. Оқу жылы жақсы жетістіктерге толы болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

X