“ Бір кітап – бір отбасы”

“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “ Бір кітап – бір отбасы” тақырыбында ата-аналар және оқушылармен READх өткізілді. Мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен көпшілік алдында еркін бөлісіп, оқырмандарды шабыттандыру. Өмір бойы білім алу мен танымдық және мәдени мұра құндылығына негізделеді. Отбасыдағы қарым- қатынасты нығайтумен ата-ананың бала өміріндегі өнегелік үлгісі екенін көрсетеді. READx жобасына келген ата -аналарымыз өздерінің балаларымен бірге оқитын кітаптарын, оқуға қалай қызықтыруға болатындығы, қызығатын жанрларымен бөлісіп еркін сұхбат жүрді. Сондай – ақ мектебімізде RedX жобасының белсенді мүшелері келіп кітап оқудың маңызымен әсерлерін, алған инсайттарын айтып өтті. Кітап шамшырағымен бірге жанып, оқу арқылы рухани дамудың дағдысын дамыта берейік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

X