АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ Бұл кабинет «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: САПАЛЫ БІЛІМ, АДАЛ ҰРПАҚ, ТАБЫСТЫ ҰЛТ» педагог қызметкерлердің бірыңғай республикалық тамыз кеңесінің ұсынысы негізінде 2023-2024 оқу жылында мектепте ата-аналарды қолдау бағдарламасын іске асыру бойынша қолға алынды. Бүгінгі бірыңғай қалалық ашық есік күнімен тұспа-тұс келген кабинеттің ашылуына келген ата-аналар саны көп болды. Ата-аналармен тығыз байланыста болу әрбір білім алушының тұлға болып қалыптасуына қолайлы әсер етеді деп сенеміз. Ашылу салтанатында гимназия басшысы Гүлжанат Асанқызы құттықтау сөзін сөйледі. Сонымен қатар мектебіміздің педагог-психологтары Айнаш Сәрсенгелдіқызы, Анаргүл Шайзадақызы ата-аналарға арналған психологиялық тренинг өткізді. АТА-АНА – ҚОҒАМ – МЕКТЕП арасындағы байланыс мықты болса білім алушылардың ұтылмайтыны хақ. Ата-аналарды қолдау кабинетінің жақсы жаңалықтарымен бөлісетін боламыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

X