ҚОҒАМ.ТҰЛҒА.ОТБАСЫ

ҚОҒАМ.ТҰЛҒА.ОТБАСЫ ( ата-аналармен кездесу) Мектебімізде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы жалғасын табуда. Орталық «Ұстаздан» кеңес, «Психолог» кеңес және әлеуметтік қолдау, «Біз оқуға құштармыз» оқырман клубы, «Кәсіби бағдар жұмысы» «Ұлағат» әкелер мектебі, «Парасат» аналар мектебі сынды бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ата-аналар болашақта баланың жеке тұлға болып қалыптасуы, саналы ұрпақ болып өсуі, дұрыс білім алып жетілуі, өмірде өз орнын табуы үшін қолдау көрсететінін айтты. Кездесу барысында қамқоршылық кеңесінің құрамы белсенді ата-аналармен жаңартылды. Бракераждық комиссия құрамындағы ата-аналар өз жұмыстарының барысымен таныстырды. Ата-ананы педагогикалық қолдау орталығының жетекшісі – Ашимканова Ғалия, «Парасат» аналар мектебінің жетекшісі- Койшыгарина Жаңагүл, «Ұлағат» әкелер мектебінің мүшелері, «Біз оқуға құштармыз» жобасын үйлестіруші әжеміз – Күнқияш Қабылқызы сөз алып, орталық жұмысының тәрбиелік мәні мен тағылымын айтып түсіндірді. Шара соңында ата-аналар отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін ашықтыққа шақырып, тығыз байланыста болуға мүмкіндік жасап кездесу ұйымдастырған -гимназия директоры Гүлжанат Асанқызына алғыстарын білдірді. Алдағы уақытта ата-ананы педагогикалық қолдау орталығы жұмысы аясында, бірлесе жұмыс жасап саналы тұлға тәрбиелеуде жауапкершілікті арттыра бермекпіз.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

X