“Мектепішілік бақылау жүйесіне әдістемелік қолдау көрсету»

Мектебімізде 20 қазан күні “Мектепішілік бақылау жүйесіне әдістемелік қолдау көрсету» тақырыбында Республикалық кеңес өтті. Бұл кеңеске елордамыздан және республикамыздың әр аймағынан әдістемелік орталық басшылары, әдіскерлер, директордың оқу жұмысы, тәрбие жұмысы жөніндегі, бейіндік оқыту бойынша орынбасарлары қатысты. Астана қаласының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл кеңесті бөлім басшысы Анар Досмұхаметқызы жүргізді. Пленарлық сессия оқу-ағарту министрлігі сапаны қамтамасыз ету комитетінің төраға м.а Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызының алғы сөзімен ашылды. Астана қаласының Білім басқармасының әдістеме бөлімінің басшысы Асыл Аманкелдіқызы Сапалы білімге қызмет етудің тетіктерін атап айтты. Мектепішілік бақылау: өзекті мәселелер, даму перспективасы және ұсыныстар туралы Еркебұлан Әлімханұлы (Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Әдістемелік қызметті үйлестіру және педагогті кәсіби дамыту орталығының директоры), Астана қаласы Әдістемелік орталығының басшысы Syndara Muratovna Dauyeshova педагогтерді және білім беру ұйымдарына әдістемелік қолдау көрсету мақсатындағы жүргізіліп жатқан жұмыс жүйесімен таныстырды. Гимназия директоры Гульжанат Абдраманова “Мектепішілік бақылау- бірлескен командалық жұмыс және сапалы білімді жетілдірудің тиімді моделі” тақырыбында таныстырылым жасады. Ары қарай пленарлық сессия панелдік сессия жұмысымен жалғасын тапты. Панелдік сессия жұмысында оқу процесінің сапасын бақылау. Оқушылардың білімдегі олқылықтарының орнын толтыру бойынша және үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты бақылау; оқу-зерттеу қызметі, мұғалімнің шеберлік деңгейі мен әдістемелік дайындығының жай- күйін бақылау; тәрбие процесінің сапасын бақылау бойынша іс-тәжірибе алмастық. Мектепішілік бақылау жұмыстарын тиімді ұйымдастыруда сапалы жұмыс жүйесін құра білуде бұл кеңестің маңызы зор болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

X