“Әдеп және құқық”

Қарашаның 17-і күні 8-11 сынып қыздарына арналған мектепішілік әдеп сағаты өткізілді. Бұл іс шарада қыз бала тәрбиесі, оның мінезі, өзін-өзі ұстауы, киім киісі, жүріс тұрысы және т.б. туралы тағылымды ақпараттар айтылды. Тарих пәнінің мұғалімі Н.Досыбаев арнайы “Әдеп және құқық” тақырыбында баяндама жасап, кейбір мәселелерге тоқталып өтті. Сонымен қатар 8 сынып жетекшілерінің дайындаған арнайы тренингтері жүргізілді. Іс шара барысында оқушылар өз көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алып, ой бөлісті. Соңында мектеп директоры Г.Абдраманова қазақ қызына тән ибалық пен мәдениет жөнінде сөз сөйлеп, ұлттық гимназияға сай мінез бен білімді қатар алып жүретін тұлға болуларына сенім білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

X