ПІКІРСАЙЫСТАН МЕКТЕПІШІЛІК ТУРНИР ӨТТІ

ПІКІРСАЙЫСТАН МЕКТЕПІШІЛІК ТУРНИР ӨТТІ Гимназиямызда “Парасат” дебат клубының жетекшісі Қуандық Санатұлының ұйымдастыруымен алдағы болатын пікірсайыс турниріне дайындық ретінде мектепішілік турнир өткізілді. Мақсаты: пікірсайыс қозғалысын жандандыру, өзара тәжірибе алмасу, қатысатын оқушылардың санын арттыру. АПФ форматында ұйымдастырылған турнирге мектебіміздің «Парасат» дебат клубының мүшелерінен 8-9 сынып оқушылары қатысты. Турнир барысында оқушылар өз ойларын анық айтып, жүйелі пікірсайыс өткізе білді. Оқушылардың ойлары биік, мақсаттары анық, сөздері сенімді болып, қарсы топпен дұрыс қарым-қатынас орната білді. Ойы ұшқыр, мақсаты нық, сөзі анық оқушылар қатары толыға берсін деп тілейміз! Алдағы болатын турнирлерге қатысатын оқушыларға сәттілік тілейміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

X