Күні кеше Астана қаласы мәслихатының депутаты, «Бақытты отбасы» кітабының авторы, «Бозторғай» сериалының идеясын өңдеуші Естек Қанат Ғалымжанұлымен өте тағылымы мол жарқын жүздесу болды.
Ең алдымен гимназия басшысы Гульжанат Абдраманова алғы сөзін айтып, рухани шараның мән маңызын, ерекшелігіне тоқталып, ұлттық құндылықтың санамызда жаңғыруына, қазіргі уақытта тек іс-әрекет арқылы жүзеге асатындығын айтып өтті. Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын деген қазақтың ұрпағымыз, қатты риза болдық.
Оқушылармыз да аң-таң болып сұрақтарын қойып, ізгі адамның ізгі амалынан сабақ алды деп ойлаймыз.
Жақсыдан шарапат деген тақырып атауы дәлме-дәл қойылыпты!