⚜️«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ – ОҚУШЫ КӨЗҚАРАСЫМЕН» тақырыбындағы жолдастық дебат турнирі⚜️

📌📌📌 Бүгін білім ордамызда «ПЕДАГОГТЕРДІҢ ӘЛУЕУЕТІН КӨТЕРУДЕ КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕСІН ЖЕТІЛДІРУ» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. 🟢Осы семинардың 3-кезеңі БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ тәрбие сағаттары және дебат турнирі өтті. ✅ Дебатқа алынған тақырып «ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ – ОҚУШЫ КӨЗҚАРАСЫМЕН». ✅Аталған турнирге серіктес мектептерден оның ішінде Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің «ПАРАСАТ» дебат клубы, Астана қаласы №42 мектептің «ҰШҚЫР-ОЙ» дебат клубы, Астана қаласы №77 мектептің «АЛАШ» дебат клубы бақ сынасты. ✅ Турнирді ұйымдастырушы мектебіміздің «АЛАШ АМАНАТЫ» дебат клубының жетекшісі Қуандық Санатұлы. Сөз бәйгесіне төрелік жасаған тарих пәнінің мұғалімі Нұршаш Сьезханқызы. 🟡🟡🟡 Нәтижесінде: І орын – «ПАРАСАТ» дебат клубы; ІІ ОРЫН – “АЛАШ АМАНАТЫ” дебат клубы; ІІІ орындар – «ҰШҚЫР-ОЙ», «АЛАШ» дебат клубтары. ⭐️ Мектебіміздің «АЛАШ АМАНАТЫ» дебат клубынан 8-сынып оқушысы Малдыбай Перизат, 10-сынып оқушысы Жасарова Мерей қатысқан болатын. ⚡️ Қара сөздің майын тамызып, ойының ұшқырлығын көрсете білген шәкірттерімізге алдағы сөз додаларында сәттілік тілейміз!

X