«ПЕДАГОГТЕРДІҢ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУДЕ КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕСІН ЖЕТІЛДІРУ»

12.03.2024 жылы Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназия ұжымы және Астана қаласы “Әдістемелік орталығы” «ПЕДАГОГТЕРДІҢ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУДЕ КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕСІН ЖЕТІЛДІРУ» атты қалалық семинар өткізді. Семинар мақсаты: Мұғалімнің кәсіби тәжірибесін жетілдіруге, педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдайлар жасау, инновациялық белсенді әдістерді тиімді қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын көтеруге ықпал ету. Семинардың барысында Астана қаласы әкімдігінің “Әдістемелік орталығы” МКҚК талдау және мониторинг бөлімінің әдіскері Шаяханова Роза Акпановна, І.Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, SHARE халықаралық жобасының желілік координаторы Анапьянова Райхан Аскеровна, І. Есенберлин атындағы №67 гимназиясының ағылшын пәні мұғалімі, SHARE халықаралық жобасының желілік координаторы Оразалы Сұлтанбек және Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Абдраманова Қызжібек Сатыбалдиевна баяндама жасады. Гимназия мұғалімдері іс-әрекеттеуге негізделген зерттеу сабақтарымен бөлісті. Сонымен қатар, ауыл мектептерімен ынтымақтастықты нығайту мақсатында Ы.Алтынсарин ауылының жалпы орта білім беретін мектебімен ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылды. Астана қаласының педагогтері семинардың маңыздылығын ескере отырып, мол тәжірибеге ие болғандарын жеткізді.

X