“Педагогтердің әлеуетін көтеруде кәсіби тәжірибесін жетілдіру”

Мектебімізде “Педагогтердің әлеуетін көтеруде кәсіби тәжірибесін жетілдіру” тақырыбында қалалық семинар өткізілді. 🌟🌟🌟🌟🌟 Осы семинардың “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының негізінде тәрбие сағаттары өткізілді. ⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️ “АБАЙ” кітапханасы №42, 77 мектеп-гимназиясының кітапханашыларымен бірігіп, тәрбие сағатын жүргізді. ✅✅✅✅✅ Іс-шараны № 90 гимназия кітапхана меңгерушісі Гүлнәр Шәкизақызы “READx: Мен оқыған бір кітап” (“ПОПС”формуласымен қорытындылау) бойынша бастады. Алдымен қатысушылар “Доп қағысу арқылы сұрақтарға жауап беру” сергіту жаттығуын жасады. 🔰🔰🔰🔰🔰 “READx” жобасымен 1) 11”А”сынып оқушысы Дауыл Айдидар С.Досжан “Ауылдан шыққан миллионер” кітабын; 2) 10”Ә”сынып оқушысы Болат Әлижан Ұ.Дәлейұлының “Хат бармайтын қыстақ” кітабын; 3) 10”А” сынып оқушысы Мұхтар Оразәлі Қ.Естек “Бақытты отбасы” кітабын “ПОПС” формуласымен қорғап шықты. Қатысушылар “ОҚИМЫН”, “ОЙЛАНАМЫН” рефлексия әдісімен кері байланыс жасап отырды. ❇️❇️❇️❇️❇️ Жобаға қатысқан спикер – оқушылар Алғыс хаттармен марапатталды. ✨✨✨✨✨ №77 мектеп-гимназиясының кітапхана меңгерушісі Алма Байтугелқызы “QAZAQWA QUIZ” бойынша қатысушыларды 3 топқа бөліп, сұрақтарға жауап алды. Жеңген топтар марапатталды. 🔰🔰🔰🔰🔰 №42 мектептің кітапхана меңгерушісі Нұрсәуле Бірәліқызы өз кезегінде “Ұлттық құндылық” квест ойынын ұсынды. Қатысушылар асық үйіру арқылы арнайы сұрақтарға жауап берді. Салт-дәстүрге байланысты қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берген ойыншы өз сыйлығын иеленді. ⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️ Мектепаралық байланыс, тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген семинарда Кітапханашылар бірігіп өткізген іс -шара қатысушылардың көңілінен шығып, “Өте жақсы” деген бағаға ие болды. ⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️

X