«Зерттеу объектісі –іздену аймағының өзара байланысы»

29.03.2024 жылы Қайым Мұхамедханов атындағы № 90 гимназиясында « Зерттеу объектісі –іздену аймағының өзара байланысы» тақырыбында № 4 Педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңесті гимназия директоры Г.А. Абдраманова ашып, күн тәртібіндегі сұрақтармен таныстырып өтті. Педагогикалық кеңесте келесі сұрақтар қарастырылды: -2023-2024 оқу жылының ІІІ тоқсаны бойынша оқушылардың оқу үлгерімі мен білім сапасы; -Зерттеу сабақтары арқылы педагогтердің әлеуетін көтеру жұмыстары; -Бірлестіктер бойынша ТЖБ жұмыстарының талдауы, тәжірибе алмасу бойынша білімдегі кедергілермен жұмыс қорытындысы, ІV тоқсанға ұсыныстар мен міндеттер; -Міндетті емтихандарды және қорытынды аттестаттауды өткізу туралы; -Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары -Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар. Педагогикалық кеңестің шешімі: -2023-2024 оқу жылының ІV тоқсанында оқу бағдарламасының орындалуы, оқушылардың оқу үлгерімі мен білім сапасын көтеруге бағытталған ұсыныстарды ескерілсін; -Зерттеу сабақтарының өткізілуі, педагогтердің әлеуетін көтеру жұмыстары қадағалансын; -ТЖБ тапсырмаларының сапалы құрастырылуы, пән мұғалімдерінің тәжірибе алмасу мақсатында сабақтарға қатысуы, үлгерімі төмен және дарынды оқушылармен жұмыс барысы бақылансын; -міндетті емтихандар және қорытынды аттестаттауға дайындық өткізу үдерісінің дұрыс жүргізілуі бақылауға алынсын; -педагогтердің аттестаттаудан сәтті өтуі бақылауға алынсын; -Құқықбұзушылықтың алдын алу, тәртіп мәселесі қатаң бақылауға алынсын, түсіндірме жұмыстары жүргізілсін; -Оқушылардың дене тәрбиесі, көркем еңбек, музыка, АӘД пәндеріне оқушылардың қатысуы қадағалансын.

X