Ата-аналардың назарына !!! 1 сыныпқа өтініштерді қабылдау сәуірдің 1 күні басталып, тамыздың 31 күні аяқталатынын хабарлаймыз! Құжаттарды қабылдау екі форматта жүзеге асырылады.
1 сыныпқа құжаттарды электронды түрде, eGOV.kz порталы арқылы тапсыруға болады.
Мектепке келіп тапсыруға болады.
1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады.
Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толатын балалар да бірінші сыныпқа бара алады. Қажетті құжаттар:
Ата-ананың өтініші (электронды түрде беріледі)
Туу туралы куәлік (электронды түрде беріледі), фото 2 шт (3*4 өлшемді)
Баланың денсаулық паспорты (№ 052-2/у нысаны, 065/у нысаны)
Қосымша сұрақтар бойынша 91-83-23; 87015475080, нөмірлеріне хабарласуға болады.

- 29 Мар
- 2024