Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы

Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы
Комиссия хатшысы С.Нурдан «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының негізінде Астана қаласы әкімдігінің «Қайым Мұхамедханов атындағы № 90 гимназия» ШЖҚ МКК директорының 2024 жылғы 04 сәуірдегі №76 бұйрығына сәйкес “Педагог-ұйымдастырушы” – 1 бос орын лауазымға тағайындау жөнінде конкурс өткізу туралы конкурстық комиссия отырысын ашты. Лауазымдарға 1 бос орын ашылғанын, конкурс барысында тағайындау жүргізу қажеттігін хабарлады. Комиссия төрайымы Б.Ортаева өз сөзінде педагогтерді бос орындарға тағайындау enbek.kz еңбек биржасы және Facebook желісі арқылы іске асырылғанын және 3 кезеңмен жүргізілетінін айтты: 1-кезең – құжаттарды конкурсқа қабылдау; 2-кезең – үміткерлердің құжаттарының сәйкестігін қарау; 3-кезең конкурстан өткен үміткерлерге конкурстық комиссия бағалаған талапқа сәйкестігін бағалау баллы тең түскен жағдайда кәсіби сұхбаттасу.
Құжаттары келіп түскен жалпы үміткерлер саны -1

Шешім:Конкурстық комиссияның шешімі бойынша «Педагог-ұйымдастырушы» лауазымының 1 бос орнына тапсырған үміткер қабылданды.

X