«МАХАМБЕТ ӨЛЕҢДЕРІ МЕН КҮЙЛЕРІ – РУХАНИЯТ ЖАҢҒЫРУЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК – ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

🔰🔰🔰Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, «Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназия» ШЖҚ МКК ұйымдастыруымен «МАХАМБЕТ ӨЛЕҢДЕРІ МЕН КҮЙЛЕРІ – РУХАНИЯТ ЖАҢҒЫРУЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК – ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ өткізілді.

✅✅✅ Мақсаты мен міндеттері:
Жалынды ақын Махамбет Өтемісұлының шығармаларын кеңінен насихаттап, өскелең ұрпаққа жеткізу, ұлттық құндылықтарды бала бойына дарытудағы педагогтердің тәжірибесін тарату, педагогтердің шығармашылық әлеуетін көтеру.

♻️♻️♻️ Конференцияның бірінші пленарлық отырысында
⚜️⚜️⚜️ Модератор-Дәулеткерей Кәпұлы, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, филология факультеті, қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы

⚜️⚜️⚜️ Шамғонов Аманкелді Шамғонұлы, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, ҚР Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, Республикалық Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты, Мұстафаев Ерболат Жұмашұлы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Өнертану» мамандығының қауымдастырылған профессоры, «Халық күйшісі» медалінің иегері

⚜️⚜️⚜️ Қылышбаева Күлзипа Ауесовна, Астана қаласы №5 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Ы. Алтынсарин», «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгілерінің иегері, «Махамбеттану» қолданбалы курсының бағдарламасының авторы

⚜️⚜️⚜️ Сулейменова Рысты Хасеновна, ҚазҰӨУ, «Дәстүрлі ән» кафедрасының оқытушысы, ҚР Мәдениет саласының үздігі

⚜️⚜️⚜️ Тоқтаған Айтолқын Айтжанқызы, ҚазақҰӨУ, «Домбыра» кафедрасының оқытушысы, PhD баяндама оқыды.

#90гимназия
#astana_adistemelic_ortalik
#astana_bilim_baskarma

X