📚📚📚📚📚
«Абай» электронды мобильді кітапханасының ұйымдастыруымен 1,2 -сыныптар арасында «8 минут кітап оқу» жобасы аясында бастауыш сынып оқушыларымен “Ыбырай оқуларынан” «Оқырман лидері -2024» сайысы өткізілді.
Мақсаты: Жан-жақты дамыған, оқу мәдениетінің деңгейі жоғары білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу.
Сайыс нәтижесінде 1-сыныптар арасынан “Оқырман лидері” атағын 1″Е” сынып оқушысы Жакен Адиля , жетекшісі Жанибекова Г.К. иеленсе, 2-сыныптар арасынан осы атаққа 2″В” сынып оқушысы Сәрсенбай Рәбия, жетекшісі Мұрат А.Н. ие болды.
Үздік атанған, 1,2,3 – орындарды иеленген барлық оқушыларды марапаттарымен құттықтаймыз!

X