“XXI ғасыр көшбасшысы”

12.04.24 күні 9 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен 9 сыныптар арасында “XXI ғасыр көшбасшысы” интеллектуалдық сайысы өтті.

Сайыс әр сыныпқа берілген тұлғалардың өмірі мен шығармашылығына, Қазақ елінің азаттығы жолында еткен елеулі еңбектеріне арналды.

Атап айтар болсақ, 9А, 9Ә сыныптарына Міржақып Дулатұлының есімі, 9Б, 9В сыныптарына Жаһанша Досмұхамедұлы есімі берілген болатын. Әр сынып өзіне берілген тұлғаны терең танып, тағлымы мол өмір жолынан үлгі алып, қазақ тарихындағы шоқтығы биік әр тұлғаны мақтан етуге тиіс.

Интеллектуалды сайыс үш кезең бойынша өткізілді. Оған әр сыныптан екі оқушыдан, жалпы 8 оқушы қатысты. Тартысқа толы сайыста үш оқушы үздік шығып, оқу ісінің меңгерушісі Ш.М. Мукушеваның қолынан марапатталды.

1 орын 9А сыныбынан Шаймұрат Жанерке
2 орын 9Б сыныбынан Ерболатқызы Нұрсезім
3 орын 9Ә сыныбынан Боранбай Мерей