«Нәтижеге бағытталған зерттеу және құндылық негізіндегі білім беру»

24.05.2024 жылы Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназияда «Нәтижеге бағытталған зерттеу және құндылық негізіндегі білім беру» тақырыбындағы №5 педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңесті гимназия директоры Г.А. Абдраманова ашып, күн тәртібіндегі сұрақтармен таныстырып өтті.
Педагогикалық кеңесте келесі сұрақтар қарастырылды:
1. 2023-2024 оқу жылында үлгілік оқу жоспарының орындалуы (контингент, сабақ кестесі, стандарттардың орындалуы, білім сапасы).
2. 2023-2024 оқу жылында жүргізілген тәрбие жұмысының анализі.
3. Қорытынды аттестаттаудың өткізілуі.
4. Тәлімгерлік жұмыс қорытындысы.
5. 2023-2024 оқу жылында гимназияның кадрлық құрамы (білім алушылар мен жетекшілердің жетістіктері).
Педагогикалық кеңесте өзекті мәселелер практикалық талқылауға салынып, әр қарастырылған сұрақты шешудің жолдарын анықтау үшін ұжым болып бірлесіп зерделеу жасалды.
Педагогикалық кеңес нәтижесінде қаулы етілді:
1. 1-4, 5-8,10-сынып оқушылары сыныптан сыныпқа көшірілсін.
2. 9,11-сынып оқушылары қорытынды мемлекеттік аттестаттауға жіберілсін.
3. Әдістемелік бірлестіктердің айтқан ұсыныс, шешімдері ескерілсін, вариативтік курстар бағдарламаларын құрастыру пән мұғалімдеріне жүктелсін.
4. Жоғарыда аталған сыныптар мен пәндер келесі оқу жылында мектепішілік бақылауға алынсын.
5. Осы оқу жылында жүргізілген тәрбие жұмысы келесі оқу жылында жалғасын тапсын.
6. Жас мамандарға қолдау көрсетілсін.
7. Педагогтердің сапалық құрамының перспективалық жоспары жасалсын.

X