«Біздің болашағымыз – білімді мұғалімдерде»

26 маусым күні Қ.Мұхамедханов атындағы №90 гимназияда ұстаздардың бірлескен кәсіби білімін қалыптастыру, әріптестер бойындағы көсбасшылық қасиетін дамыту, ұрпаққа саналы да сапалы білім беру жолдарын талқылау мақсатында «Біздің болашағымыз – білімді мұғалімдерде» тақырыбында коучинг өткізілді.

Оқушының жеке тұлғалық дамуына , яғни оның өзін-өзі тануға және өзіндік өсу бағытында мұғалімнің кәсіптік құзырлығының, шеберлгінің рөлі маңызды екендігі ортаға салынып, ұстаздар жаңа технологияларды, жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта ұтымды пайдалану туралы өзара пікір алмасты.

Коучинг барысында ұстаздар екі топқа бөлініп, мұғалімнің ортақ мақсатын анықтап, оқушының бойына сіңіретін құндылықтар мен дағдылар талқыланып, ұстаздың мақсатқа жету жолындағы әрекеттері постер сипатында қорғалды.

Коучинг соңында онлайн платформаны қолдану арқылы кері байланыс орнатылды.

X