“ЖАҢАРУ” РҚБ

Астана қаласының
Нұра ауданында кездесу және
дәріс өткізілді.

Бүгін «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалы елордадағы Нұра ауданында, Қайым Мұхамедханов атындағы №90 Гимназиясы қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуді Қайым Мұхамедханов атындағы №90 Гимназиясы директорының міндетін атқарушы Досжан Силам ашты.
Кездесу барысында қоғам белсенділері сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша дәрістер оқыды.
Бұл кешенді іс-шара «Жастардың құқықтық сауаттылығын және мемлекеттік органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясында өтті.
Аталмыш Әлеуметтік Жобаны «ЖАҢАРУ» РҚБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қолдауымен жүзеге асырылуда.
Кездесуге төмендегі тұлғалар қатысып, дәріс оқыды:
– Д.Р. Рахметуллин, «ЖАҢАРУ» РҚБ төрағасының орынбасары, Астана қалалық филиал директоры, ҚР ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі;
– Ж.И.Ибрагимов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы;
– Н.О.Хатиев, “ЖАҢАРУ” РҚБ-інің Нұра ауданы бойынша филиал директоры.
Жиналыстың соңына қарай «сұрақ-жауап» түрінде пікір алмасу өтті.

«ЖАҢАРУ» РҚБ Баспасөз қызметі

X