Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы Комиссия хатшысы А.Ө.Дүйсеней «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының негізінде Астана қаласы әкімдігінің «Қайым Мұхамедханов атындағы № 90 гимназия» ШЖҚ МКК директорының 2024 жылғы 24 шілде №127 бұйрығына сәйкес Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-1 орын, Ағылшын тілі – 1 декреттік орын, География -1 декреттік орын, География-1 бос орын, Көркем еңбек(ұлдар) -1 бос орын, Музыка-1 декреттік бос орын, Әлеуметтік- педагог-1 бос орын лауазымға тағайындау жөнінде конкурс өткізу туралы конкурстық комиссия отырысын ашты. Лауазымдарға конкурс барысында тағайындау жүргізу қажеттігін хабарлады. Комиссия төрайымы Б. Ортаева өз сөзінде педагогтерді бос орындарға тағайындау enbek.kz еңбек биржасы, hr-nobd.edu.kz және Facebook желісі арқылы іске асырылғанын және 3 кезеңмен жүргізілетінін айтты: 1-кезең құжаттарды конкурсқа қабылдау; 2-кезең үміткерлердің құжаттарының сәйкестігін қарау; 3-кезең конкурстан өткен үміткерлерге конкурстық комиссия бағалаған талапқа сәйкестігін бағалау баллы тең түскен жағдайда кәсіби сұхбаттасу. Hr nobd сайты арқылы үміткерлер құжаттарын тапсырды. Сәтті жүктелген құжаттардың ішінде келіп түскен жалпы үміткерлердің ішінде үміткерлер келесі кезеңге ұсынылды.
Шешім:
Конкурстық комиссияның шешімі бойынша «Тәрбие ісінің меңгерушісі» 1 бос орнына тапсырған 1 үміткер Ж.Маненов ұсынылды.
«Дене шынықтыру» пәні мұғалімінің 1 декреттік орнына тапсырған 1 үміткер Г. Бектенов ұсынылды.
«Дене шынықтыру» пәні мұғалімінің 1 бос орнына тапсырған 1 үміткер М.Шалкен ұсынылды.
«Ағылшын тілі» пәні мұғалімінің 1 декреттік орнына тапсырған 1 үміткер М.Аманжолова ұсынылды.
География -1 декреттік орын, География-1 бос орын, Көркем еңбек(ұлдар) -1 бос орын, Музыка-1 декреттік бос орын, Әлеуметтік- педагог-1 бос орын лауазымдары келесі конкурска қайта жарияланды.