БОС ЛАУАЗЫМҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ

Астана қаласы әкімдігінің «Қ.Мұхамедханов атындағы №90 гимназия» ШЖҚ МКК-да келесі лауазымға конкурс жариялансын:

География пәні мұғалімі – 1 бос орын.
География пәні мұғалімі – 1 декреттік орын.
Орыс тілі пәні мен әдебиеті – 1 бос орын.
Тарих пәні мұғалімі – 1 бос орын.
Көркем еңбек (ұлдар) – 1 бос орын.
Педагог-ассистент – 1 бос орын.
Педагог-психолог – 1 декреттік орын.
Педагог-ұйымдастырушы – 1 бос орын.
Музыка пәні мұғалімі – 1 декреттік орын.
Әлеуметтік педагог – 1 бос орын.
Тәлімгер – 1 бос орын.
Кітапханашы – 1 жүктеме бос орын.
Хатшы – 1 жүктеме декреттік орын.
Бағдарламаны қамтамасыз ету маманы – 1 жүктеме бос орын.

57 бұйрық бойынша құжаттар тізімі:

1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш
2. Жеке басын куәландыратын құжат
3. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс-қағазы
4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйфкес білім туралы құжаттардың көшірмесі
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі (бар болса)
6. 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша деңсаулық жағдайы бойынша анықтама
7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама
8. Наркологиялық ұйымнан анықтама
9. Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат не/се қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса)
10. Ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік
11.Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер
12. 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13. Тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
14. Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсынады.

«Педагогтерді жұмысқа қабылдау» модуліне сілтеме:
http://hr-nobd.iac.kz

X